Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы өскен жағдайда жалақы, жәрдемақы мен зейнетақы көтерілетінін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз еңбек ақы қорына түсетін жүктемені азайтып, бір мезгілде белгілі бір шектеу мен тұтынудың соңғы кезеңі үшін ҚҚС-ты арттырамыз. Меніңше, бұл екі шара бірін-бірі теңестіріп, әсерін жойып тұрады. Есептеулер көрсеткендей, бағалардың сәл өсуі күтіледі. Сондықтан біз бұл өсім әлеуметтік осал топтарға әсер ететінін түсініп, олардың зейнетақылары мен жалақыларын индексациялау жөнінде шешім қабылдаймыз", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.
Жұманғарин ҚҚС-ны көтеріліп, әлеуметтік жалақы қорына жүктеме азайтылатынын айтты.