Қосылған құн салығын қайтару көлемі 130 млрд теңгеге өсті

741

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәлімдеуінше, мемлекеттік қаржының атқарылуы барысында қосылған құн салығын қайтарудың 1,4 есеге немесе 130 млрд теңгеге өсуіне байланысты ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығына қатысты жоспар орындалмады. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қосылған құн салығын қайтару көлемі 130 млрд теңгеге өсті

"Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарды асыра орындау негізінен өзге де салықтық емес түсімдер және мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өндіріп алулар бойынша қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 128,5%-ке атқарылды және 1 трлн 658 млрд теңгені құрады. Жоспар 367 млрд, оның ішінде салықтар бойынша 320 млрд теңгеге асыра орындалды. Ал мемлекеттік қаржының атқарылуы барысында қосылған құн салығын қайтарудың 1,4 есеге немесе 130 млрд теңгеге өсуіне байланысты ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығына қатысты жоспар орындалмады", – деді қаржы министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу