Қосылған құн салығының мөлшерлемесі көтерілмейді – Олжас Бектенов

453

Үкіметтің алдында бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табу міндеті қойылды. 

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі көтерілмейді – Олжас Бектенов Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері республикалық бюджет шығыстарын да, кірістерін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі қажет. Мұнда ең алдымен цифрландыру есебінен салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пәрменді шараларды қабылдау маңызды. Сонымен қатар қаржылық тәртіпті күшейту, нәтижесіз шығыстарды жою және мемлекеттік бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру маңызды", - деді ол Олжас Бектенов Үкімет отырысында .

Сөзінше, министрлер кабинеті экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін бар күшін салу керек.

"Орынбасарларым жетекшілік ететін салалар бойынша нақты үйлестіру мен бақылауды ұйымдастыруы қажет. Әрбір министр мен өңір әкімі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуі үшін тікелей жауапты болады", - деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу