Қосымша құн салығы 8 пайызбен импортталатын тауарлардың тізімі шықты

1742

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде ҚҚС-ның 8% ставкасы белгіленді.  

Қосымша құн салығы 8 пайызбен импортталатын тауарлардың тізімі шықты

Мұндай мөлшерлеме әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізгенде және импорттағанда қолданылмақ. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі аталмыш тізімге ілінген тауарлардың тізбесін жариялады.

Олар:

–  бірінші сортты бидай ұны;

–  бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны;

–  өлшеніп салынатын кеспе;

–  қарақұмық жармасы;

–  тазартылған күріш;

–  картоп;

–  ас сәбіз;

–  пияз;

–  ақ қауданды қырыққабат;

–  қант;

–  күнбағыс майы;

–  сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);

–  тауық еті;

–  пастерленген сүт, (майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада);

–  майлылығы 2,5% айран, (жұмсақ қаптамада);

–  сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

–  тауық жұмыртқасы (I санатты);

–  аc тұзы ("Экстра" -дан басқа);

–  сүзбе: (майлылығы 5-9%).

"Бұл тізбедегі тауарлардың СЭҚТН кодтарында "Әлеуметтік маңызы бар тауар" белгісі болады. Тауар айналымы жасалған күні 2020 жылдың 27 наурызынан 30 қыркүйегін қоса алғандағы уақытқа сәйкес келгенде ғана ҚҚС-тың 8% ставкасын қолдануға мүмкіндік бар", – деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу