Қосымша құн салығы 8% төмендетілді

1180

Жер салығын төлемеуге рұқсат берілді. 

Қосымша құн салығы 8% төмендетілді

Жыл басында 3 жылға табыс салығынан босатылған микро және шағын бизнес субъектілері қазан айына дейін еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтан, әлеуметтік төлемдерден және мүлік салығынан босатылған. Мұны үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еске салды. 

"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер салығының мөлшерлемесі жыл соңына дейін нөлге дейін төмендетілді. Сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында импорттау кезінде қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі берілді", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, 2020 жылғы 1 қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді. 

"1 маусымға дейін салықтық әкімшілендіру және бақылау шаралары тоқтатылды. Барлық шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық пен әлеуметтік төлемдердің төлеу мерзімі ұзартылды", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу