Қосымша құн салығы өссе, тауарлар бағасы қанша пайызға өсетіні белгілі болды

165

ҚҚС мөлшерлемесін өсіру арқылы 6-7 трлн қосымша ақша үкіметтің даму бюджетіне түседі. 

Қосымша құн салығы өссе, тауарлар бағасы қанша пайызға өсетіні белгілі болды Фото: freepik

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығының көтерілуі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Қосымша құн салығы көтерілген жағдайда тауарлар мен қызметтер бағасы қанша пайызға өсуі мүмкін?" деп сұрады.

Серік Жұманғарин қазір тиісті есептеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

"Бағаның көтерілуі тауарларға байланысты. Менің ойымша, күнделікті тұтынып жүрген тауарлар шамамен 5-6 пайыздан артық көтерілмейді. Әрине, инфляция ұлғаяды. Бірақ ол қысқа мерзімді ғана болады. Есептегенімізде, бір жылдан аспайды. Бұл үкіметке болашаққа керек. Әсері одан да көп. Себебі 6-7 трлн қосымша ақша үкіметтің даму бюджетіне барады. Алдағы уақытта жоғары сапалы жұмыс орындары ашылады. Экономикамыздың басқа бағыттарына да әсер етеді. Түскен қаражатты дамыту институттарымызға салуға болады. Қазіргі уақытта қай салада қаражат жетпейді, соған құяйын деп отырмы", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу