Көтерме сауда көлемі артты

726

2022 жылғы қарашада Қазақстанда көтерме сауда көлемі 3,7 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда құндық мәнде 24,9%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

Көтерме сауда көлемі артты Фото: ranking.kz

Көтерме саудадағы ең жоғары көрсеткіштер дәстүрлі түрде желтоқсан айына келеді. Ресурстың мәліметінше, 2022 жылдың қараша айындағы көрсеткіштерді ескере отырып, желтоқсанда жаңа рекорд орнауы мүмкін.

Өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында көтерме сауда көлемі 30,6 трлн теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 20,8%-ға артық. Көтерме сауданың үлес салмағы 2022 жылғы қаңтар-қараша аралығында ішкі сауданың жалпы көлемінің 69,1%-ын құрады.

Секторда азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар басымдыққа ие болды: өткен жылдың 11 айында 24,4 трлн теңге. Азық-түлік тауарларының сауда көлемі бір жылда 40,7%-ға өсті.

Көтерме сауда көлемінде жеке және шетелдік компаниялардың үлесіне 99,7% немесе 30,5 трлн теңге тиесілі. Оның ішінде жеке кәсіпорындар – 19,7 трлн теңге, шетелдік кәсіпорындар – 10,8 трлн теңге.

Мемлекеттік кәсіпорындарға көтерме сауданың жалпы көлемінен 91 млрд теңге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу