Көтерме-тарату орталықтарының құрылысын субсидиялау ұсынылды

802

Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері қабылдап жатқан шаралар халықтың азық-түлік алу мүмкіндігін арттыра алмай отыр. Бұл туралы Сенатта депутат Дүйсенғазы Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көтерме-тарату орталықтарының құрылысын субсидиялау ұсынылды

"Мәселені шешу үшін көтерме-бөлшек сауда орталықтарын салу керек. Бұл шешім бірінші кезекте қажет тауарлардың бағасын өсірмей ұстап тұруға ықпал етеді", – деді депутат. 

Дүйсенғазы Мусиннің сөзінше, көтерме-тарату орталықтарының мәртебесі және оның қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық база қалыптастыру және оларға бастапқы кезде мемлекеттік қолдау шарасын белгілеу қажет. 

"Көтерме-тарату орталығының ғимаратын салу және жабдықтарын сатып алу құнының 25%-на инвестициялық салымды субсидиялауды бекітуді ұсынамыз. Мұндай орталықтардың өндірістік инфрақұрылым мәселесіне ерекше назар аударылуға тиіс", – деді Дүйсенғазы Мусин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу