Котто мен Альваресті жекпе-жекке шақырды

814

Котто мен Альваресті жекпе-жекке шақырды

 "Коттомен, Сауль "Канело" Альвареспен айқасқым келеді. Мен үлкен жекпе-жекті қалаймын, - деді WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Қанат Ислам АҚШ-та Робсон Ассисті жеңгеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында

Ол WBA рейтингінде төртінші, WBO-да бесінші екенін тілге тиек етіп, мықтылардан қорықпайтынны және оларды жұдырықтасуға шақыратынын жеткізді.

Бірер ай бұрын fightnews.com Қанаттың мексикалық Сауль Альвареспен қолға түйістіруі мүмкін екенін хабарлады. Тараптар ортақ келісімге келсе кездесу 6 мамыр күні АҚШ-тың Техас штатындағы 80 мың көрерменге арналған "Даллас Ковбойз" стадионында өтеді деген болжам жасады fightnews.com. Алайда Канелло шаршы алаңда Қанатпен емес, кіші Чавеспен кездесетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу