Қоянды ауылында 80 мың текше метр еріген су тартылды

258

Су тарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. 

Қоянды ауылында 80 мың текше метр еріген су тартылды Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында ауылды басқан еріген суды сору жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Доспаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"27 наурыз сағат 06:00 жағдай бойынша 80 мың текше метр еріген су тартылды. Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және ЖАО 17 бірлік техникасы, 76 адамы және 18 мотопомпасы жұмылдырылды. Жағдай қалыпты", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Қанат Доспаев. 

Айта кетейік, кеше түнде Қоянды ауылының 50-ге жуық тұрғыны су тасқынына қарсы іс-шараларға көңілі толмайтынын айтып, ауыл әкімдігі маңындағы жолды жауып тастады. Куәгерлер түсірген кадрларда адамдарды полиция мен СОБР қызметкерлері ұстап тұрғанын көруге болады.

Оқиға орнына аудан әкімі Бахидбек Оспанбеков пен Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Қанат Доспаев келді. Шенеуніктер жергілікті тұрғындармен кездесіп, мән-жайды анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу