Қоянды ауылында үйлерді су басты

2116

Қардың еруінен 3 тұрғын үй мен аулаларды су басқан. 

Қоянды ауылында үйлерді су басты

Елорда маңындағы Қоянды ауылында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Оның айтуынша, құтқару жұмыстарына Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының мамандары жұмылдырылған. 

"Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қоянды ауылына ТЖД мен жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері мен құралдары келді. Мұнда 3 тұрғын үй мен аулаларды су басқан. Бүгінде оқиға орнында 49 адам, 17 бірлік техника, 9 бірлік мотопомпа бар", - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде еріген қар суын сору жұмысы жүргізіліп жатыр.

"Бүгін сағат 10.35-те елордадан "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-869 тікұшағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізді. Ол Вячаслав су қоймасы-Қоянды-Ильинка- Преображенский су реттегішіндегі жағдайды бақылады", - деді Талғат Уәли.

Ол жағдай Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу