Қоянды ауылының маңындағы өрттен бір адам қайтыс болды

846

Аңға шыққандардың көлігі бұзылып, салдарынан дала шөбі отқа оранған.

Қоянды ауылының маңындағы өрттен бір адам қайтыс болды Фото: atamekengazeti

Қарқаралы ауданының Қоянды ауылынан шығысқа қарай 8 шақырым жерде ашық алқапта 150 га аумақта құрғақ шөп өртенді. Бұл өрттің шығуына аң аулауға шыққан тұрғындардың көлігі себепкер болған. Олар далада келе жатқанда көлік коллекторының қызуынан шөп тұтанып кеткен. Аңшылар қолдан жасалған құралдармен өртті сөндіруге кіріскен, бірақ олар өртке төтеп бере алмай, бір-бірін көрмей қалады. Өрт кезінде 31 жастағы ер адам қаза тапса, тағы бір адамның денесін күйік шалып Қарқаралы қаласындағы ауруханаға жатқызылды. 

Қызыл жалынды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің күштері (7 адам, 2 техника) мен ерікті өрт сөндіру бөлімдері (45 адам, 10 техника) жұмылдырылған.

Қарқаралы өңірінде тағы бір дала өртімен күресу жүріп жатыр. 15 қазанда Мәди ауылдық округінде 750 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Дала өртін сөндіруді желдің екпіні, жер бедерінің қиындығы және су құюға арналған орындардың алыстығы қиындатады. Оқиға орнына Қарағанды қаласынан Төтенше жағдайлар департаментінің күштері (31 қызметкер мен 3 бірлік техника) қосымша жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу