Қоянды кентінде бір отбасының мүшелері коронавирус жұқтырды

1202

Олар – 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2017 жылы туған ұл бала.  

Қоянды кентінде бір отбасының мүшелері коронавирус жұқтырды

Целиноград ауданына қарасты Қоянды кентінде бір отбасының мүшелері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Жедел штабтың телеграм каналы.

Бұл азаматтардың барлығы бір отбасының мүшелері және Қоянды кентінде COVID-19 зертханалық түрде анықталған адаммен жақын байланыста болған. Бұған дейін Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледж базасындағы карантиндік стационарға оқшауландырылған. Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған.

Целиноград аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу