Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс жиналды

683

Елордада Қоянды су қоймасы аумағында сенбілік өтті.

Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс жиналды

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Мемлекеттік күзет қызметімен" бірлесіп Қоянды су қоймасының аумағын жинау бойынша сенбілік өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара жұрт назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталған.

Сенбілікке 6 ұйымнан 80 адам қатысты. Олардың қатарында "Мемлекеттік күзет қызметінің" әскери қызметшілері, "Эко Полигон Астаны" ЖШС, "Clean City NC" ЖШС, "ЖасНұр" өндірістік-шаруашылық кәсіпорны" МКҚК және "Арғын Строй 2015" ЖШС кәсіпорындарының өкілдері бар.

Полигонға 19 тонна қалдық жиналып, шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу