Қоянды жәрмеңкесі 170 жылдан соң қайта жаңғырмақ

4262

Қоянды жәрмеңкесі 170 жылдан соң қайта жаңғырмақ

Қоянды жәрмеңкесінен қалған жалғыз ғимарат құлаудың алдында тұр. Ғасырдан астам қараусыз жатқан қойманың кейбір құрылыс материалдары қолды болған. Енді жергілікті билік Қоянды жәрмеңкесінің 170 жылдығына орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында көне ғимаратты жергілікті кәсіпкерлер көмегімен қайтадан қалпына келтірмек. Сонымен қатар жұрттың қолындағы құнды жәдігерлерді мұражайға өткізу жұмыстары да қолға алынып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Әйгілі Қоянды жәрмеңкесінен қалған жалғыз ғимарат сол кезде бұл саудагерлердің қоймасы болған деседі. Кейіннен май зауыты болыпты. Қазір ғимараттың тек қабырғасы қалған. Ал есік-терезелерін жұрт тонап кетіпті.

Егер мұражай ашылса, оның ішіне қоятын жәдігерлер де ауылда жеткілікті. Қоймадан табылған диірмен – соның бірі. Бұған қоса жергілікті тұрғындар ақша, күміс тиын, ыдыс-аяқты жиі тауып алады екен. Құнды дүниенің біразы аудандық мұражайдың төрінде. Мәселен, жез самаурынды Жақып Ақпаев жәрмеңкеден сатып алған. Ал 1850 жылдары жасалған сейфтерде Қоянды жәрмеңкесінде сауда айналымынан түскен ақша сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу