Көз дәрігері Күлиза Алданышқызы Индонезиядағы халықаралық сыйлықты жеңіп алды

364

35 жыл бойы көз дәрігері болып жұмыс істеген клиника профессоры Күлиза Алданышқызы Индонезияның Бали қаласында өткен 39-Азия Тынық мұхиты офтальмология академиясының конгресінде APAO-2024 Distinguished service award халықаралық деңгейдегі сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көз дәрігері Күлиза Алданышқызы Индонезиядағы халықаралық сыйлықты жеңіп алды Фото: janadauir.com

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, бұл сыйлықтың маңызы ерекше. Әлемде 8 млрд-ға жуық адамның ең кемінде 2 млрды көз ауруынан зардап шегеді екен.

"Әсіресе қазіргі смартфон мен ғаламтордың өркендеуіне орай көз ауруларының көбеюіне әлемдік ғалымдар қатты алаңдаулы. Көз дәрігерлері мен осы саланы зерттейтін ғалымдар әр жыл сайын бас қосып, аталмыш мәселені талқылайды", - деп жазады janadauir.com.

Әлемнің кейбір өңірлерінде медицина саласы қолжетімсіз болса, кей мемлекеттерде бағасы аса қымбат болғандықтан көзін көрсете алмайтын адамдар да кездеседі. Сондықтан да әлемдік ғалымдар бүкіл ауыл-қыстаққа дейін жетіп жұмыс істеу қажеттігін ескертеді. Баян-Өлгей аймағының дәрігері Күлизаға келсек, көп жыл бойы аталған аймақтағы халқына қызмет көрсетіп келеді екен.

Айта кетейік, Күлиза Алданышқызы 2007 жылы Үндістанға барып жасанды бұршақ орнату отасын жасау курсына сәтті қатысқан. Сондай-ақ, Ресейдің Горно Алтай қаласындағы балалардың көз емханасында білімін жетілдіріп келді. Ал, 2010 жылы Иркутск Федеров көз институтында көздің қысымы ауруына байланысты білімін арттырып келіп, қариялардың көзіне бұршақ салу отасын жасады.

Қазіргі таңда, білікті маман жүздеген қартқа көз жанарын сыйлаған алтын қолды дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу