"Көз тие ме деп қорқамын": Дариға Бадықова елден көшуі мүмкін

4064

Ол шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Көз тие ме деп қорқамын": Дариға Бадықова елден көшуі мүмкін Фото: @dariga_badykova

"Басталатын жобаға үміт бар жүзімде. Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Алматыға кетемін, келмеймін дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Класстастарымды жұлдыз боламын деп күлдіретінмін. Шүкір Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине, менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ ренжимін. Ол қандай жоба кім біледі? Айтуға қорқамын көз тие ме деп?! Қандай фильм екенін әзірше айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен", – дейді Дариға Бадықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу