Боранбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Менің әріптестерім, достарым және серіктестерім. Кеше үйіме оралдым, отбасым мен достарымды көргеніме қуаныштымын. Осы айларда мені қолдаған әрқайсыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мені қолдау үшін жасалған әрбір бастаманы, маған айтылған әрбір жылы лебізді біліп отырдым. Менің айналамда адал, мейірімді және шынайы адамдар бар екеніне тағы да көз жеткіздім", – делінген жазбада.
Сонымен қатар ол "Алмалы" холдингінің әрбір қызметкеріне алғысын білдірді.
"Осы жылдар ішінде біз барлығымызға ортақ үлкен іс атқардық және қиын сәтте оның қандай мықты, бағалы әрі маңызды екенін сезіндім. Бірлікпен біз жаңа шыңдарды бағындыратынымызға, бұған дейін жеткен жетістігімізді еселей түсетінімізге сенімдімін. Әрбір қызметкердің, қазақстандықтың және бүкіл елдің игілігі үшін, біз әлеуметтік бағыттағы холдинг болып қала береміз", - деп жазды кәсіпкер.