Жамбыл облысында қаза тапқан 19 жастағы Мадина Рашидқызының анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Марқұмның анасы қызының көз жұмғанын құрбысынан естігенін айтты.
"Құда-құдағидан қызымның қайда екенін сұрағанымда, олар: "Ауруханада, сағат 9-да келеді" деп айтты. Бірақ ол сағат 9-да да келген жоқ", – деді марқұмның анасы.
Оның айтуынша, қызы болашақ күйеуімен интернет арқылы танысқан. Белгілі болғандай, Мадинаны 17 жаста алып қашқан.
"Алып қашты, сосын біз қалдырмаймыз деп шештік. Қызым "қаламын" деді", – деді анасы.
Журналист "Жаназаға құда-құдағи келді ме?" деп сұрады.
"Жоқ, ешқайсысы келмеді", – деп жауап берді Мадинаның анасы.
Айта кету керек, бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы ана қаза тапқанын жазған болатынбыз. Қазір полиция қылмыстық істі тергеп жатыр.
Бұған дейін Жамбыл облысында қаза тапқан келіншектің құрбысы Зейнеп сұхбат берді.