Қозғалмалы нысанаға ату бойынша әлем чемпионаты кейінге шегерілді

1043

ISSF осыған дейін Нью-Дели мен Бакудегі әлем кубогтарының өтпейтіні туралы мәлімдеген болатын. 

Қозғалмалы нысанаға ату бойынша әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Ату спорты халықаралық федерациясының шешімімен коронавирус пандемиясына байланысты қозғалмалы нысанаға ату бойынша биылғы әлем чемпонаты 2021 жылға қалдырылды, деп хабарлайды olympic.kz.

Франция оқ ату спорты федерациясы 9-19 маусымға жоспарланған доданы COVID-19 індетіне байланысты кейінге шегеруге мәжбүр болды. Дүниежүзілік біріншіліктің нақты қашан өтетіні енді коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін белгілі болады.

ISSF осыған дейін Нью-Дели мен Бакудегі әлем кубогтарының өтпейтіні туралы мәлімдеген болатын. Аталған жарысты қоса есептегенде, осымен 2020 жылғы ISSF әлем кубогтарының бәрі өтпейді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу