Қозғалтқышы сөндірілген ресейлік жолаушылар ұшағы Ашхабадқа шұғыл қонды

117

Әуе компаниясы қазіргі уақытта жолаушыларды межелі пунктке жеткізу үшін резервтік ұшақ дайындалып жатқанын айтты.

Қозғалтқышы сөндірілген ресейлік жолаушылар ұшағы Ашхабадқа шұғыл қонды Фото: ato.ru

Дубай-Екатеринбург бағыты бойынша рейс орындаған "Уральские авиалинии" әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 жолаушылар ұшағы техникалық себепке байланысты Ашхабад әуежайына бір қозғалтқышы сөндірілген күйде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу барысында әуе кемесінің командирі отын жүйесіндегі көрсеткіштердің сәйкессіздігін анықтаған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экипаж нұсқаулықтарға сәйкес әрекет етіп, қозғалтқыштардың бірін өшіріп, ең жақын әуежайға қону туралы шешім қабылдаған. Қону қалыпты режимде өткен.

Әуе компаниясы қазіргі уақытта жолаушыларды межелі пунктке жеткізу үшін резервтік ұшақ дайындалып жатқанын нақтылады. Күту кезеңінде жолаушыларға қолданыстағы федералдық авиациялық ережелерге сәйкес қызметтер көрсетіледі.

Өз кезегінде, Орал көлік прокуратурасы мәжбүрлі қону дүйсенбі күні, 22 желтоқсан, сағат 15:00-ден кейін болғанын хабарлады. Сондай-ақ қадағалаушы орган әуе кемесінің техникалық жағдайына тексеру жүргізіп жатқанын және жолаушылардың құқықтарының сақталуын бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу