Қозғалыстағы көліктен денесін шығарып сөйлескен: жамбылдық жігіттерге айыппұл салынды

340

Үш жүргізушіге салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 224 250 теңге.

Қозғалыстағы көліктен денесін шығарып сөйлескен: жамбылдық жігіттерге айыппұл салынды

Ішкі істер министрлігі жол бойында көлік терезесінен денесін шығарып, бір-бірімен сөйлесіп бара жатқан жастардың видеосына пікір білдірді.

Бейнежазбадағы оқиға Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қошқарата ауылында түнгі мезгілде болған.

"Бауыржан Момышұлы ауылының екі тұрғыны және бір жергілікті тұрғын анықталды. Toyota автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. 19 жастағы жүргізуші сақтандыру полисі жоқ, техникалық тексеруден өтпеген ВАЗ 21099 автокөлігін басқарып, басқа жүргізушілер үшін апаттық жағдай туғызғаны және жолаушыларды тасымалдау талаптарды қайта сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

BMW автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 606-бабының 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылған.

Үш жүргізушіге салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 224 250 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу