Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде аудиогид іске қосылды

1022

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер мен туристер аталған құрылғыдан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәлімет алып, саяхат жасай алады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде аудиогид іске қосылды

ҚР мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдениет қорық-музейінде аудиогид жобасы іске қосылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

"ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келуші әрбір адам тарихи орынның архитектурасы мен құрылымы, Ясауи өмірі, хандар мен би-сұлтандар, тарихи жәдігерлермен танысқысы келсе аудиогид құрылғысының көмегіне де жүгіне алады. Қазіргі таңда аудиогид жобасына кесененің іші ғана енгізілсе, жақын күндері қорық-музейге қарасты мәдени — тарихи орындар мен археологиялық қазба жұмыстары жайлы мәліметтер қамтылатын болады",­ – деді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы.

Аудиогид аппаратының ең алғашқы пайдаланушысы Франциядан келген турист Mерлин болды.

"Аудиогид — туристер үшін өте керемет көмекші. Сәулеттік келбеті жағынан стилі ерекше ғимараттың салыну тарихы, тайқазан, тарихи маңызы бар үлкен бөлмелер жайлы ақпараттар ерекше қызықтырды. Аудиогид қажетті ақпаратты ала отырып, оңаша серуендеуге де өте қолайлы. Қазақстанға жасаған сапарымның барысында Түркістандағы жаңалықтың ең алғашқы қолданушысы болғаным мен үшін тарихи жағдай", – деді Мерлин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу