Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Baq.kz.
"Қазақстан Футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысында президент Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапановтың өз еркімен отставкасы келісілді", – делінген ҚФФ сайтында.
Оның орнына кім келетіні 2016 жылдың 28 қарашасында өтетін кезектен тыс сайлау конференциясында белгілі болады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        