Көзілдірік алуға шыққан 2010 жылғы жасөспірім тауда жоғалып кеткен

231

Екі досымен бірге тау лашығынан табылды.

Көзілдірік алуға шыққан 2010 жылғы жасөспірім тауда жоғалып кеткен Фото: Бейнежазбадан

Алматы құтқарушылары Үлкен Алматы көлінің маңындағы таулы аймақта жоғалып кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2010 жылы туған бала "Озерная" тау лашығынан анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 29 қазанда жасөспірім көзілдірік сатып алу үшін Қонаев қаласындағы үйінен автобуспен Алматыға өз бетінше келген. Алайда кейін үйіне оралмаған.

Іздестіру жұмыстары Бостандық ауданында, теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте жүргізілді. Құтқарушылар жасөспірімді тапқан кезде оның жанында тағы екі досы болған.

Мамандар үш баланы таудан қауіпсіз жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Кейін кәмелетке толмағандар полиция қызметкерлеріне тапсырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу