"Көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың": Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жарияланды

8929

Мемлекеттік айыптаушы 2023 жылдың 10 қазанында Салтанаттың телефонына жазылған жазбаны оқыды. 

"Көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың": Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жарияланды Фото: zhogrgy_sot

"Қуандық, мен Павлодарға біржола кетіп барамын. Ешқандай сезімнің жоқтығын түсіндім. Сен көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың. Бәріне тек мені кінәлап, психологқа баруға мәжбүр етесің. Сен өзіңнен басқа ештеңе көрмейсің. Мен енді шыдай алмаймын. Кешір мені, бәрін ұмыт. Мен ата-анамның қасында боламын. Олар маған қарайды", - деп оқыды прокурор.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу