"Көзқарас махаббатқа ұласты": Актер Әділ Ахметов көпшілікке әйелін көрсетті

23950

Оның айтуынша, таныстық туған күн кешінен басталған.

"Көзқарас махаббатқа ұласты": Актер Әділ Ахметов көпшілікке әйелін көрсетті Фото: видео скриншот

Актер, "Жастар" театрының директоры Әділ Ахметов жұбайын алғаш рет көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның жұбайы Айнұр Сұлтанмұрат өнер иесімен қалай танысқаны туралы "Тағдыр жолы" бағдарламасында айтты.

"Туған күннен кейін құрбым Ақжарқын бұл кісіге мен туралы, маған ол туралы жарнама жасайды. Бірақ біз туған күнде сәл түсініспей қоштастық. Содан кейін Ақжарқын "Әділ сені қатты ұнатып қалыпты" дегенде таңғалдым. "Кеше біз түсініспей қалған едік қой" деп ойладым. Ал оған да дәл солай айтқан екен. Солай біраз уақыт бізді бір-бірімізге айтып жүрді. Академия қабырғасында бір-бірімізді көргенімізде "осы ма маған ғашық болып жүрген" деп оған қарасам, ол маған қарайды. Солай біраз жүрдік. Барлық нәрсе көзқарастан басталады. Сөйтіп, көзқарас махаббатқа, махаббат сағынышқа ұласты. Солай өзіміз байқамай қол ұстасып кеттік", - деді ол.

Актер тойдан кейін бірден түсірілімге кеткен.

"Мені ұзатып әкелген соң он күннен кейін той болды. Сол он күннің арасында қазіргі өміріміздің бастауы сол кезде басталды. Себебі ол кісі келе салып, бірінші толық метражды фильмге түсірілімге кетті. АХАЖ-ға некеге тұру үшін алдын ала барып сөйлеседі ғой. Соған Әділдің орнына досы барды. Қызық болды" - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу