KPI кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

781

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Атырау және Маңғыстау облыстарына жұмыс сапарымен барды.

KPI кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

Ахметжан Есімов KPI кешенінің құрылыс алаңында, Ақтау және Құрық теңіз порттарында болып, мұнайшылармен және облыс басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарланды қордан.

Кездесу барысында қордың басқарма төрағасы еліміздің мұнай саласы тағы бір дағдарысты бастан өткергенін атап өтті. Қор компаниялары тобында қабылданған оңтайландыру шаралары арқасында 422 миллиард теңгеге резервтер құрылыпты.

"Өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты жүргізілген оңтайландыру шараларына қарамастан, өндірістегі жұмыс орындарын сақтау және биылғы жылға арналған өндірістік бағдарламаларды орындау басым болып қала береді. Жоспардан артта қалу бар. Компания басшылығы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған шараларды қабылдауы қажет", – деді Ахметжан Есімов.

KPI кешенінің құрылыс алаңында болған Ахметжан Есімов кестені одан әрі сақтауды тапсырды. Тәуелсіздік жылдарында ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорын – KPI мұнай-химия кешенінің құрылысы 74% - ға аяқталды. 2021 жылы толық аяқтау жоспарланған. Жоба жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіруге мүмкіндік береді.

 Қор басшысы кейбір еншілес ұйымдардың басшыларын сынға алды. Соңғылары "Қарабатан" ПГТЭС-те өндірілетін электр энергиясының төмен бағасына қарамастан, түсініксіз себептермен оны басқа көздерден сатып алуды жалғастыруда.

Ақтауда қор басшысы Құрық және Ақтау порттарындағы қазіргі жағдаймен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу