KPI Қытай мұнайшыларының орнына 50 қазақстандықты жұмысқа алды

749

Қазіргі таңда KPI жобасында 397 қытайлық жұмыс істеп жүр.

 KPI Қытай мұнайшыларының орнына 50 қазақстандықты жұмысқа алды

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Атырау облысындағы Кazakhstan Petrochemical Industries жобасында қанша Қытай азаматының жұмыс істеп жүргені туралы мәлімет берді.

"Таяу уақытта мемлекеттік органдар әкімдіктермен және қауымдастықпен (Мұнай өндірушілер қауымдастығы) бірлесіп, мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қолдау және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі шараларды атқарады. Бірқатар мемлекеттерден шетелдік қызметкерлердің елге кіруіне қойылған шектеулерге байланысты білікті мамандар ауыстыруды жергілікті еңбек нарығында іздеу жалғасатын болады. Мысалы, қазіргі уақытта KPI жобасында барлығы 397 Қытай азаматы жұмыс атқаруда. Енгізілген шектеулерге байланысты  Қытайдан 161 азамат кіргізілмеді. Энергетика министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасын орындау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге, Атырау облысы әкімдігімен бірге және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясымен КРІ бірлесіп, Қытай азаматтарын жергілікті персоналмен ауыстыру бойынша шаралар әзірленді. Бүгінгі күні Атырау облыс әкімдігі және КРІ өкілдерінің қатысуымен жергілікті кадрларды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылды. Осы комиссияның жұмысына байланысты елу шақты азамат жұмысқа орналастырылды", – деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу