ҚР Әділет министрі АҚШ-та бірқатар маңызды кездесулер өткізді

936

19-21 шілде аралығында ҚР Әділет министрі М.Б. Бекетаев Мемлекеттік департамент, Әділет министрлігі, Конгресс, құқық қорғау ҮЕҰ өкілдерімен және АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ҚР Әділет министрі АҚШ-та бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Кездесулерде демократиялық қайта құрулар мен адам құқықтары саласындағы жұмысты қоса алғанда, Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылының ауқымды мәселелері талқыланды.

21 шілдеде Әділет министрі Халықаралық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Сондай-ақ, М.Б. Бекетаев АҚШ Бас прокуроры орынбасарының көмекшісі Брюс Шварцпен кездесті.

Олар құқықтық жүйелерді дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.    

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу