ҚР әділет министрі: Стати ағылшын юрисдикциясынан қашып кете алмай отыр

768

 ҚР әділет министрі: Стати ағылшын юрисдикциясынан қашып кете алмай отыр

Англияның жоғары соты америкалық банктің жарты миллион АҚШ долларын құрайтын қазақстандық активтерге тыйым салу заңдылығын қарастыратын болады, деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 4 желтоқсанда коммерциялық соттың судьясы Тир мырза аталған дауды қарастыруға англиялық соттың юрисдикциясы жоқ деген екі молдовалық олигархтың (Анатолий және Габриель Стати), сондай-ақ Ascom Group SA және Terra Raf Trans Traiding Limited ("Стати") өтінішін қабылдамай тастады.

Бұдан бұрын ҚР Ұлттық қорының қаражатына бельгиялық соттың бұйрығы негізінде тыйым салынған болатын. Қазақстанның айтуынша, бұл шешім Статидің алаяқтық тәсілі арқылы жүзеге асқан.

"Стати Англияда алаяқтық фактілерін қарастырудан құтылып кете алғандарына қарамастан, қазір олар ағылшын юрисдикциясынан қашып кете алмай отыр. Олар алаяқтық әрекеттер Англияда әшкерелетінінен қауіптеніп отырғандары байқалып тұр. Сол себепті олар үшін сот процестерін Англиядан өзге кез-келген жерде өткізу ыңғайлы. Стати қандай да бір әрекет пен қадамдар жасамаса да, жақын уақытта сот әділдігі Қазақстанның күрделі алаяқтық тәсілдің құрбанына айналғанын көрсететін болады. Біз Статидің шынайы бейнесі ашылатын кезді асыға күтіп отырмыз. Бұл Англияда болуы ықтимал", - дейді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

Қазақстан өз талаптарының Англияда біржола расталуын және BNYM-нің сақтауындағы ҚР Ұлттық банкінің қалған активтерінің босатылуын күтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу