Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан жазғы универсиада ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетадан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4Х100 метрге эстафетаға жүгіруде ел намысын Римма Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова және Ольга Сафронова қорғады. Жарыс қортындысы бойынша отандастарымыз 43.68 секунд нәтижемен ел қоржынына алтын медаль салды. Швейцария(48.81 секунд) және Польша(44.19 секунд) атлеттері екінші және үшінші орынды өзара бөлісті.
Еске сала кетейік, эстафетадан ҚР әйелдер құрамасы бұған дейін жеңіл атлетикадан Үндістанда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу