ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулер енгізіледі

1237

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне түзетулер енгізіледі

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының жолдауына сәйкес "ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

ҚР әділет министрі М. Бекетаевтың айтуынша, түзетулер заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және әкімшілік құқық бұзушылықты жазалау шараларын жеңілдететін нормалардан тұрады. Заң жобасы бойынша БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ өңірлік семинарлар мен қоғамдық тыңдаулар кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара қорытындысы бойынша заң жобасы қабылданып, ҚР парламентіне қарауға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу