ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

1048

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, "Бауыржан" қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген. 2013 - 2014 жылдары Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының м.а.,2014 - 2015 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2016 - 2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу