ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі ауысты

641

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі ауысты

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев берген өтінішіне байланысты қызметінен кетті. Орнына Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылым мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

2006–2008 жылдары — ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің  бас маманы, бас сарапшы.

2008–2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012–2016 жылдары ҚР президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" директорының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу