ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді

1368

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, АӨК саласындағы жағдай тұрақты.

ҚР АШМ: Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді

Коронавирус індеті салдарынан туындаған дағдарысқа қарамастан биылғы жылы АӨК саласындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы сала басшысы есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

"Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2,2%-ға, азық-түлік өндірісі 2,4%-ға өсті. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 10,1%-ға артып, 98,4 млрд теңгені құрады", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, мал шаруашылығында жалпы өнім 2,3%-ға артқан. Өндірістің ұлғаюына ет өндірісінің 3,6%-ға, сүттің 3,2-ға өсу тікелей әсер еткен.

2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, бүгінде егіс жұмыстары аяқталуға таяған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу