ҚР АШМ Ресейге санкциялық өнімнің қалай жеткізілгенін тексеріп жатыр

893

Тауар Қазақстан аумағы арқылы өткен. 

ҚР АШМ Ресейге санкциялық өнімнің қалай жеткізілгенін тексеріп жатыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) Гермиядан Ресейге 60 тонна картоптың қалай жеткізілгенін тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство тексеріс барысында 60 тонна картопқа фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларына сәйкес рәсімделгенін анықтаған.

"16 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызметтің (Россельхознадзор) Ақтөбе облысы фитосанитарлық сертификатымен Ресейге санкциялық өнімді жеткізу дерегін анықтау туралы хат түсті", - деп жазылды хабарламада.

Осыған байланысты АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе облысындағы аумақтық инспекцияға хат жіберген.

"2 наурызда олар 60 тонна картопты ресейлік "РусЕвроплант" АҚ-ға жіберу үшін "Kazeuroplant LLP" ЖШС-ға фитосанитариялық сертификат бергенін анықтаған", - деп жазылды хабарламада.

Бүгінде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті бұл деректі тексеріп жатыр. Оның нәтижесі қосымша жарияланады.

Айта кетейік, фитосанитариялық сертификатты рәсімдегенде оның ЕЭК кеңестің 2016 жылдың 30 қарашасындағы №159 шешімімен бекітілген Кеден одағы комиссиясының № 318 шешіміне және ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкестігі қатаң қадағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу