ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тоннаны құрады

1416

Контейнерлік транзиттің негізгі бағыты бұрынғыша Қытай – Еуропа – Қытай болып қалып отыр. 

ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тоннаны құрады

2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісіндегі жүкайналымы 107,6 млрд тонна-километрді құраған.

"Қаңтар-маусымдағы тиелім 120 млн тонна болса, соның ішінде тас көмір – 48 млн тонна, астық – 5,4 млн тонна, түрлі түсті руда – 9,7 млн тонна, құрылыс жүктері – 8,8 млн тонна және темір рудасы – 12,8 млн тонна болған",– делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тоннаны құраса, контейнермен жүктерді тасымалдау 291 мың ЖФБ (жиырма футтық балама) болыпты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінде қол жеткізген нәтижеден жоғары.

Контейнерлік транзиттің негізгі бағыты Қытай – Еуропа – Қытай болып қалып отыр. Бұл бағдар бойынша 146 мыңнан астам ЖФБ тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 129% асты.

Қазақстан аумағы арқылы транзитті контейнерлік тасымал өзге де бағыттар бойынша артты. Атап айтқанда, Транскаспилік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 2 мыңнан астам ЖФБ контейнер жеткізілсе, бұл өткен жыл көрсеткішінен 158% көп.

Қытай – Иран – Қытай дәлізі бойынша 1,6 мың ЖФБ контейнер жөнелтіліпті, ал бұл өткен жылдың көрсеткішінен 350 пайызға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу