ҚР үкіметінің қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жж. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасын басқарды.
2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін "Атамекен" ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.