Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 17 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өтті. Бастапқыда федерация президенттігіне екі үміткер – Илья Ильин мен Гаджи Гаджиев жарияланды. Алайда кандидаттардың бастамасымен және федерация мүшелерінің қолдауымен Түсіпбеков Жанат Рашидұлына Федерацияны басқару ұсынылды.
Федерация мүшелері, 26 адам Жанат Түсіпбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Еске сала кетсек, Жанат Рашидұлы 2013 жылдан 2022 жылға дейін ҚР ААФ басқарған. Оның басшылығымен біздің команда сегіз олимпиада медалін жеңіп алды (2016 жылы алты, 2020 жылы екі).