ҚР Бас прокуратурасы: Дауыс беру процесі тұрақты жағдайда өтті

106

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов мәлімдеді.

ҚР Бас прокуратурасы: Дауыс беру процесі тұрақты жағдайда өтті Фото: ortcom.kz

ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қарамановтың айтуынша, референдум комиссиясы тарапынан бұзушылықтар тіркелмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін тек бір азаматқа ғана айыппұл салынды. Ол адам заңсыз сауал салу мен үгіт жүргізген. Қазіргі сәтте басқа жауапқа тарту фактілері болған жоқ. Осы уақытқа прокуратураға 2 өтініш келіп түсті. Олар бойынша заңға түсіндірме берілді. Сотқа Ақтөбе қаласындағы референдум комиссиясының шешіміне шағымдану туралы бір арыз түсті. Ол қаралуда", – деді ведомство өкілі "Референдум – 2026" онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу