ҚР Бас прокуратурасы: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді

341

Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтіп жатыр. 

ҚР Бас прокуратурасы: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді Фото: @ortcom_kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейсовтің онлайн телемарафон барысында өткен ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, прокуратура органдарына ешқандай өтініштер түскен жоқ. Соттарға да талап-арыздар келіп түскен жоқ. Тек үгіт жүргізуге қатысты бір заң бұзушылық тіркелді. 

"Бүгін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньдерді фото-бейне жазбаға түсіру және тарату да үгіт болып табылады. Алайда бүгінде осындай заңның бұзылу фактісі анықталды. Бұл дерек бойынша Алматы тұрғыны ҚР ӘҚБтК 102-бабымен жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымын алып тастады. Осыған байланысты біз  барлық азаматты заңды сақтауға шақырамыз", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу