Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды prokuror.gov.kz.
Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастап, аудан прокурорының орынбасары болған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.
1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.
2016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшылық жасады. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.