ҚР бас прокурорының орынбасары тағайындалды

1073

ҚР бас прокурорының орынбасары тағайындалды

ҚР бас прокурорының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімімен Андрей Иванович Лукин Қазақстан республикасы бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Лукин Андрей Иванович 1961 жылы 28 шілдеде туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1985 - 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет өткерген. Ақмола қаласы Шығыс ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің бастығы. 1998 жылғы мамыр - 2003 жылғы шілде аралығында - Астана қаласы тұрғын үй департаментінің бастығы, 2003 жылғы шілде - қыркүйек аралығында - Қазақстан республикасы индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқық жұмысы департаментінің директоры, 2003 жылғы қыркүйек - 2005 жылғы сәуір аралығында - Қазақстан республикасы индустрия және сауда вице-министрі. 2005 жылдан бері ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, т.б қызметтерді атқарған білікті маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу