"Объектілерде Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын", - делінген Е. Қиясов қаулысында.
Осы орайда құжатта адамдар көптеп жиналатын 40-қа жуық нысан белгіленген:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар; 12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) ерікті қатысушылар;
15) караоке;
16) көрмелер;
17) океанариум;
18) марафондар;
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
20) әуежайлар;
21) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
22) балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
23) цирктер;
24) отельдер, қонақ үйлер; 25) халыққа қызмет көрсету орталықтары; 26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;
27) (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық түлік емес) сауда желілері;
28) сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері;
29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін); 30) букмекерлік конторалар;
31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));
33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
35) діни объектілер; 36) ойын клубтары (казино);
37) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы; 38) түнгі клубтар;
39) банктер, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері. Қаулының толық мәтінін мына жерден көре аласыздар.