ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы тағайындалды

905

 ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы  тағайындалды

Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 

2002-2009 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтерді атқарды. 

2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды.

2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы лауазымдарын атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып жұмыс істеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу