ҚР білім және ғылым министрлігі: Балабақшаның жұмыс уақыты ұзартылады

1731

ҚР білім және ғылым министрлігі:  Балабақшаның жұмыс уақыты ұзартылады

ҚР білім және ғылым министрлігі ата-аналардың өтінішін қанағаттандыру үшін мемлекеттік балабақшалардың жұмыс уақытын 19.00-ге дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы депутаттық сауалға жауапта айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақтардың білім беру департаменттері ақылы топтың қажеттілігін анықтау үшін ата-аналар арасында сауалнама жүргізді. Бұл мәселені шешу үшін қалалық балабақшалардың 49,2% -ының жұмыс уақытын 10,5 сағаттан 12 сағатқа дейін ұзарту қажет. Министрлік облыстық әкімдіктерге хат жолдады. Қазір 2018 жылға қосымша қаржыландыру мәселесі қаралуда.

"Қазір Астанада ата-аналардың ай сайынғы төлемдері есебінен ақылы топтарды (19.00 дейін) ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдан бастап бүкіл қалада осындай ақылы топтар ата-аналардың келісімімен ашылады деп жоспарлануда", - деп атап өтті ведомстводан.

ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, республикада 9 844 мектепалды білім беру ұйымы (7 033 мемлекеттік және 2791 жеке) бар. Олардың 53 пайызы 12 сағаттық режимде жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу