ҚР чемпионаттарында Сыр спортшылары 519 медаль иеленді

871

 ҚР чемпионаттарында Сыр спортшылары 519 медаль иеленді

Қызылорда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мамандарының мәліметінше осы жылғы 6 айда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,4 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамыту үшін мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн. теңге бөлініп, 133 елді мекенде 270 спорт нұсқаушысы жұмыс істеп келеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Бұқаралық спортты дамытудың тағы бір бағыты жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту. Осы мақсатта облыс аумағында осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 764 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 182 485 адам қатысты.

Бұқаралық спортты дамыту мен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 16792 оқушы 32 спорт түрімен шұғылданып жүр.

Осы жылдың 6 айында облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 519 медаль (140 – алтын, 146 – күміс, 233 – қола) жеңіп алса, Азия және әлем чемпионаттарынан 35 медаль (11 - алтын, 12 - күміс, 12 - қола) иеленді. Сонымен қатар, 34 "ҚР-ның спорт шебері" мен  414 ҚР спорт шеберіне үміткер дайындалды. Сонымен қатар, спорт түрлері бойынша 420 спортшы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді.

Жылдың басты жетістігі мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның VІІІ қысқы Азия ойындарында қола медальді иеленуі болды. Жақында ғана Румынияда шахматтан оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында Әсел Серікбай әлем чемпионы атанса,  Назерке Нұрғали күміс жүлде иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу