ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

1143

Бұл қызметке Азамат Батырқожа келді.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақтелеком" АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорында жұмыс істеген. 

2015-2017 жылдары – ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры. 

2018-2019 жылдары – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президенті. 

2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу