Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған ақпаратты жоққа шығарды

660

Қытайдың кейбір ақпарат құралы "Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тіркелген" деген ақпарат таратты.

Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған ақпаратты жоққа шығарды

"ДДСҰ аурулардың халықаралық жіктемесіне – АХЖ 10 пневмонияны есепке алу үшін кодтар енгізгенін атап өткен жөн, бұл кезде КВИ клиникалық немесе эпидемиологиялық диагностикаланғанда, мысалы өкпенің зақымданған "күңгірт шынының" симптомы, бірақ зертханалық расталмаған. Осы орайда өзге елдермен қатар Қазақстан да осындай түрдегі пневмонияны есепке алып, бақылап отырады. Бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының таралуы мен оны тұрақтандыруға бағытталған бірқатар басқару шешімін уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді",– деп түсінік берді ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі Денсаулық сақтау министрі А. Цойдың 9 шілдеде өткізген брифингте "этиологиясы белгісіз вирустық пневмония" ауруларының жалпы саны туралы ашық айтқанын еске салды.

Осылайша, министрлік көрші елдің БАҚ-ы таратқан ақпаратының шындыққа сәйкес келмейтіндігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу